420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уран өндірісіне қатысты заң жобасы мақұлданды

  • 105
  • UPD: 17:24, 02.12.2020
Уран өндірісіне қатысты заң жобасы мақұлданды

Елімізде көлік иесіне жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуіне рұқсат етіледі. Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сай, жүргізушілер көлік құралын тіркеу туралы куәлікті де алып жүруге міндеттелмейді. Ескеретін жайт – бұл өзгерістер шетел азаматтары мен өзге мемлекетте тіркелген көліктерге қатысты қолданылмайды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Парламент депутаттары әзірлеген.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары: 

- Әкімшілік құқық бұзу деректерінің барлығын арнайы техникалық құралдардың, нақты айтсақ, планшеттердің көмегімен рәсімдейтінімізді бәріңіз білесіздер. Ереже бұзғандарға қатысты бар ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасынан аламыз. Бұдан бөлек 2014 жылдан бастап техникалық бақылаудың қағаз нұсқасын тексермейміз. Ал 2018 жылдан бастап көлікті сақтандыруға қатысты деректерді тексермейміз.  

Сондай-ақ Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар уран өндірісне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат қолданыстағы заңдағы олқылықтарды жоюға бағытталған. Сондай-ақ жаңа заң жобасы уран өндіру кезеңін ұзарту рәсімін жетілдіруді, жер қойнауын пайдаланушыларға өндіріс аймағын зерттеуге мүмкіндік беруді көздейді. Бұдан бөлек құжат қабылданып жатса, өндірушілердің әлеуметтік жауапкершілігі де арта түспек.  

Ирина Унжакова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалы қазбаларды тапқандарға төленетін бір процент мөлшеріндегі коммерциялық сыйақы алынып тасталды. Қазір жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалар қоры ұлғайса да аймақтың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалуы тиіс төлем төлемейді. Сондықтан кен орнында қор көлемі ұлғайған кезде немесе қосымша пайдалы қазбалар табылған жағдайда әлеуметтік міндеттемелер енгізуді әділ деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы