419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда карантин жағынан жеңілдік жасалмайды

  • 167
  • UPD: 22:04, 02.12.2020

Корнавирусқа шалдыққандардың ең көбі Ақмола облысында. Бұл туралы аймақтың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесуінде мәлімдеді.

Айтуынша, вирустың одан әрі өршуі де ғажап емес. Себебі карантин талаптары сақталып жатқан жоқ. Сол себепті шектеу шаралары күшеймесе, жеңілдетілмейді. Ал кәсіпкерлер  жеңілдік сұрайды. Бірақ мамандар әзірге мұның мүмкін емес екенін айтады. Өйткені ауру көрсеткіші өте жылдам өсіп барады. Мәселен, Көкшетаудың өз басында қыркүйек айында 27 адам тіркелсе, қазанда - 317, ал, қарашада 890 адам осы індетке шалдыққан. Сондықтан сақтық шараларын барынша күшейтпеске амал жоқ.

Қанат Ысқақов, қаланың бас санитар дәрігері:

- Өздеріңіз көріп отырғандай, жағдай өте қиын. Бүгін-ертең жеңілдік жасалады деп айтуға мүлдем келмейді. Бәрі өзімізге байланысты. Сақтансақ ауру деңгейі де төмендейді. Міне карантин талаптары сол аурудың екпінді бәсеңдегені байқалған кезде ғана жеңілдетіледі. Ал әзірге оның бірі де жоқ. Керісінше күн суытқан сайын індет те өрши түсуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы