419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тоңазытқыштағы шақалақ өлімі: Бас дәрігерге неше жыл берілуі мүмкін?

  • 129
  • UPD: 19:42, 02.12.2020
Тоңазытқыштағы шақалақ өлімі: Бас дәрігерге неше жыл берілуі мүмкін?

Прокурор дәрігерге 20 жыл жаза кесуді сұрады. Атырауда жаңа туған шақалақты тоңазытқышқа салдырып, өліміне себепші болған дәрігерлердің соты жалғасып жатыр.

Айта кетерлігі, айыпталушылар өздеріне тағайындалған жазаны ішінара мойындаған жоқ. Олардың уәжі базадағы құжатты өзгертпеу үшін тірі туған шақалақты мұздатқышта салу - бас дәрігердің бұйрығы. Қазір айыпталушы бесеу: бас дәрігер мен тағы төрт медицина қызметкері. Сот процесі жалғасады.

Нұржан Жангереев, облыстық прокуратура өкілі:

- Жазаларды ішінара қосу арқылы Нысанбаев Қуаныш Жолымбекұлын 20 жыл бас бостандығынан  айыру жазасын тағайындауды, Қайыржан Асқар мен Құлбатырова Жәмиланы  ҚК 99-бабы 2-бөлімі 3,7,14-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып,  олардың әрқайсысына 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы