476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Арқалықтағы балалар үйінің бас дәрігері сотталды

  • 604
  • UPD: 20:56, 02.12.2020
Арқалықтағы балалар үйінің бас дәрігері сотталды

Арқалық қаласындағы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері сотталды.

Ол үш жыл бойы мекемеде үш миллион теңгенің азық-түлік тауарын ұрлаған. Сондай-ақ бір миллион теңгеге бағаланған жанармайды заңсыз жолмен иеленген. Басшы өз кінәсін толық мойындаған жоқ. Бірақ жәбірленушілер мен куәгерлердің берген жауаптары, сараптама қорытындысы кінәні растап отыр.       

Зәуре Едікова, облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Айыпталушының келтірілген шығынды өтемегенін негізге ала отырып, сот мүлкін тәркілемей 5 жылға дейін бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Айыпты тұлғаға мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек етуге тыйым салынады. Жазасын орта дәрежедегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы