419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауға аққулар ұшып келді

  • 128
  • UPD: 21:57, 02.12.2020

Ақтауға аққулар оралды. Киелі құс өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері осында қыстайды.

Алғашында қала іргесіндегі Қаракөлге 30 мыңға жуық аққу ұшып келген. Кейін азық іздеп қалаға қарай ағыла бастапты. Содан бері аққу Каспий теңізінің көркіне айналды. Бүгінде аймақта аққудың екі түрі - сұңқылдақ пен сыбырлақ мекендейді. Оларды дауысына қарай айыруға болады. Топ болып жиналғанда ерекше үн шығарып, халыққа көңіл-күй сыйлайды. Қар сирек түсетін Ақтау үшін қыстың сәні қар емес, осы аққулар. 

Салтанат Бердібек, қала тұрғыны:

- Ақтаулықтар аққуды асыға күтеміз. Қыстың сәні. Әсіресе балалар қатты күтеді. Ұшып келгенін естіген бойда балаларымызбен жағалауға барып, қолымыздан тамақтандырамыз. Көңіл-күйімізді көтереді. Бүгін де жұмыстан шыға салып, аққуларға бардық. Аққу құсы – жақсылықтың нышаны ғой. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қуанышымыз көп болсын! 

Жанна Бөлтекова, қала тұрғыны:

- Аққудың Ақтауға келуін жыл сайын асыға күтеміз. Балаларымызды апарып қызықтаймыз. Аққу киелі құс, сұлулықтың символы болып саналады. Қаламыздың көркіне ерекше сән беріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы