419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда вирустан емделіп жатқан науқастар жаңа ауруханаға көшірілді

  • 103
  • UPD: 22:38, 02.12.2020
Алматыда вирустан емделіп жатқан науқастар жаңа ауруханаға көшірілді

Мұндай шешім модульді госпитальге ауқымды санитарлық дезинфекция жасау қажеттілігіне байланысты қабылданған. 

Госпитальдің науқастары 500 орындық Жәкенов атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухананың жаңадан ашылған бөлімшесіне жатқызылды. Модульдік госпитальдан ем алып жатқан 119 науқас көшірілген. Олардың 17-сі жансақтау бөлімінде жатқандар. Сондай-ақ олар бұл науқастарды тасымалдау кезінде ешқандай  кедергі болмағанын айтады. Ал сәуір айының соңында ашылған  модульдік госпиталь осы күнге дейін коронавирус жұқтырған 4 мыңнан астам адам қабылдаған.

Айта кету керек, қазір қалада қауіпті дертке ұшырағандарға арналған 7 мыңнан аса орын бар. Оның 313- інде науқастар емделіп жатыр.

Тамара Ұтағанова, И. Жәкенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары:

- Аурушылдық саябырсыған кездің өзінде бүкіл қалалық клиникалардың барлықтары коронавирустық аурулардан босаған кезде модульдік  клиника жалғастыра берді өзінің жұмысын. Қазір бізде өзімізде жаңа филиалдың ғимараты бар, оның бүкіл мүмкіншілігі бар емге, сондықтан осындай шешім қабылданды. Мына модульдік госпитальді жақсылап дезинфекциялап өңдеп, қор ретінде, резерв ретінде қалдырып, эпидемиологиялық жағдайларға қатысты қажеттігіне сай қолдану.

Хабар 24 телеарнасы