420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырдағы жылу орталығы қазақстандық газға қосылады

  • 104
  • UPD: 09:09, 03.12.2020
Байқоңырдағы жылу орталығы қазақстандық газға қосылады

 

Қазіргі таңда мазутпен жағылатын қуат көзінің қызметі облыстағы ең қымбат тариф болып саналады.

Ғарыш айлағының тұрғындары жылыту маусымының коммуналдық ақысын 12 ай бойы бөліп төлейді. Оған қоса ыстық судың төлемдері бар. Үкіметаралық келісім нәтижесінде «Байқоңырэнерго» өндірістік-энергетикалық бірлестігін отандық көгілдір отынға қосудың алғышарттары жасалды. Жұлдызды қалашықтың бу қазандықтары табиғи газға көшірілгенде тарифтер құны бірнеше есе төмендейді. Ал Қызылорда қаласында жаңа Жылу электр орталығы салынбақ. 1964 жылы пайдалануға берілген қазіргі коммуналдық мекеме қондырғыларының әбден тозығы жеткен. Алғашында көмір, кейін мазут бертін келе газ жағылған қуат тарату нысанында маусымына 60 гекакалория жылу мен 4 мегаВТ электр энергиясы өндіріледі. Жарты ғасырдан бері облыс орталығын жылытып келген өндірістік кешенді жаңарту жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ.

Наурыз Сатханов, Жылу электр орталығының директоры:

– 1-кезеңнен КОГТЭС-тің ішіндегі газ-турбиналық қондырғылардың 2,5-3 жылдай уақыты қалды. Ғимарат пен басқа нысандар да бар. Ішіндегі құрылғылар ескіріп, уақыты келген. 2-кезең: қалаға жылу беретін су жылыту қазандықтарын салу. Ол – бөлек жоба. 23 млрд тг тұрады. 1-жоба 9 млрд тг-ні құрайды.

Хабар 24 телеарнасы