420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнай қоры бойынша рейтингте Қазақстан 11-орын алды

  • 199
  • UPD: 10:34, 03.12.2020
Мұнай қоры бойынша рейтингте Қазақстан 11-орын алды

2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11-орынға ие болды.

Венесуэла рейтингте көш бастап тұр: 302,8 млрд баррель. ТОП-3 қатарына Сауд Арабиясы мен Канада енді, деп хабарлады energyprom.kz.

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 61,2 млн тонна шикі мұнай өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% аз. Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады. Қазақстанда негізгі екі аймақ – Атырау мен Маңғыстау облыстары тиісінше өндірістің 64,3% және 22,8% құрады.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына 55 млн тонна мұнай экспорттады. ТМД елдеріне 120,3 млн АҚШ долларына 439,4 мың тонна шикі мұнай жөнелтілді. ТМД елдері арасында қазақстандық мұнайдың негізгі импортері – Өзбекстан. Қалған елдерге 18,6 млрд АҚШ долларына 54,6 млн тонна мұнай жіберілді. Италия, Нидерланд және Үндістан негізгі импорттаушылар болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы