424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ел аумағына ПТР-анықтамасы жоқ 147 жолаушы келді

  • 204
Ел аумағына ПТР-анықтамасы жоқ 147 жолаушы келді

Өткен тәулік ішінде елімізге ПТР-анықтамасы жоқ 147 жолаушы келді.

Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 13 халықаралық әуе рейсі орындалды. Жалпы саны 992 жолаушының ішінде 845 адамда ПТР-тестілеу нәтижесі болды. Қалғандарында бұл құжаттың жоқтығына байланысты тиісті тексеруге жіберілді. Карантиндік стационарларда олардың коронавирус жұқтырғаны немесе жұқтырмағаны тексерілді.

«Нәтижесінде бірде-бірінде қауіпті кесел анықталмады», – деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Хабар 24 телеарнасы