419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген пәтер ұрылары ұсталды

  • 123
  • UPD: 14:20, 03.12.2020
Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген пәтер ұрылары ұсталды

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген пәтер ұрыларының тобы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оларды қолға түсіру үшін арнайы шара кеше кешке Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізілді. Бес күдіктіні арнайы жасақтың сарбаздары «Горный Гигант» шағын ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан пәтерден шығып бара жатқан кезінде ұстады.  

«Бұл топқа Шығыс Қазақстан облысының бес тұрғыны кіреді, олардың барлығының соттылығы болған, оның ішінде мүліктік қылмыстары үшін сотталған. Тұтқындаудан біраз уақыт бұрын қаскөйлер отбасы мүшелерінің жоқтығын пайдаланып алматылықтардың пәтерін тонап, сол жерден ақша салынған сейфті, алтын заттар, киімдер мен екі ноутбукты ұрлап кеткен. Олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған факті бойынша іс жүргізуді Медеу аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі аумақтық құрамы бойынша жүргізуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, ұсталғандардың Медеу ауданындағы үш бірдей эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Пәтер ұрыларының қылмыстық іс-әрекеті шаһардың басқа аудандарын да қамтуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Осыған байланысты олардың мүлік ұрлаудың басқа фактілерге қатыстылығы тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы