426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматының Медеу ауданында тұрғындар суық сусыз қалды

  • 133
  • UPD: 14:54, 03.12.2020
Алматының Медеу ауданында тұрғындар суық сусыз қалды

Алматының Медеу ауданында бірқатар ғимарат пен тұрғын үй суық судан ажыратылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Медеу ауданында диаметрі 400 мм болатын құбырда тесік пайда болып, су сыртқа ағып жатыр. Сондықтан ауданға уақытша суық су беру тоқтатылады», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорнынан.

Суық судан әл-Фараби – Достық – Қажымұқан – Назарбаев көшелерінің бойында орналасқан бірқатар ғимарат пен тұрғын үйлер ажыратылды.

«Жөндеу жүмыстарына «Алматы Су»мемлекеттік кәсіпорнының 4 авариялық бригадасы мен «Алматы Тазалық» ЖШС-нің 2 арнайы техникасы жұмылдырылды. Тұтынушыларға суық су бүгін беріледі. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы