426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жоғалған 7 жасар бала табылды

  • 362
  • UPD: 17:16, 03.12.2020
Қызылордада жоғалған 7 жасар бала табылды polisia.kz

Қызылорда қаласында полицейлер 6 сағаттан бері үйіне оралмаған 7 жастағы баланы тауып, ата-анасына тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсан күні сағат 19:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының сағат 14:30 шамасында үйінен ойнауға шығып, кешке дейін қайта оралмағаны туралы қала тұрғыны хабарласқан.

Полицейлер дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, аумақты шолуды бастаған. Нәтижесінде сағат 20:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген жасөспірімді тауып, анасына табыстады.

Полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері баланың анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Табылған баланың ата-анасы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы