Ұлттық банк ел азаматтарын алаяқтардан сақ болуға шақырады.
Кейінгі кездері тұрғындардың жеке электронды поштасына ақша аударуды өтінген хабарламалар түсіп жатыр. Сондай-ақ дәл осындай мазмұндағы анонимді қоңыраулар жиілеген.
«Шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық банктен таратылмайды. Орталық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді», - делінген ведомстовоның ресми сайтында.