429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавл тұрғыны ғаламтор алаяқтарына 1 млн 300 мың теңгесін беріп қойды

  • 178
  • UPD: 19:51, 03.12.2020
Петропавл тұрғыны ғаламтор алаяқтарына 1 млн 300 мың теңгесін беріп қойды

Петропавл қаласының тұрғыны ғаламтор алаяқтарына 1 млн 300 мың теңгесін беріп қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Криминалдық полиция қызметкерлерінің айтуынша, оның құрбысы жиһазын сату жайлы хабарландыру берген екен. Оған әлдебір әйел хабарласып, банк карточкасының нөмірін алады. Кейін «ақша аударылмай жатыр» деп, басқа біреудікін сұрайды. Келіншек ойланбастан құрбысының мәліметін жіберіп, сан соғып қалды. Алаяқтар оның есепшотынан бар соманы шешіп алып, телефондарын сөндіріп тастаған. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыста осындай 400-дей дерек тіркелген.

Данияр Ғалиақпаров, облыстық ПД КПБ аға жедел уәкілі:

- Депозитінде 1 млн 300 мың теңгедей қаражат болған. Құрбысы біраз уақттан кейін карточкасының ақшасы кеткенін көреді де, сол хабарлайды. Осы қылмысты ашу бойынша қазір сұраулар жіберілді. Абоненттік нөмір бойынша сұрау жіберілді. Қандай нөмірмен хабарласты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы