419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық полицейлер ломбард тонаушыларын қолға түсірді

  • 96
  • UPD: 22:28, 03.12.2020
Алматылық полицейлер ломбард тонаушыларын қолға түсірді

Алматылық полиция қызметкерлері ломбард тонаушыларын қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешке жақын көшеде жұмыс бабымен жүрген полиция инспекторлары жақын маңдағы ломбардтан әйелдің айқайлаған даусын естіген. Сол сәтте ғимараттың ішінен қолдарына қару ұстаған екі азамат шыққан. Екеуі де полицейлерге қарсылық көрсетіп ,ұсталды. Олардың Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды. Қазір қамауда. Тергеу жүріп жатыр.

Қанатбек Парманов, Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторы:

- Сол уақытта өтіп бара жатқанда екі рет пистолеттің атылған даусын естідім. Сосын жүгіріп, мына жаққа қарай шыққан кезде баспалдаққа есікті итеріп, ана адамдарды шығармай қояйын деп ойладым. Ойладым, ішіндегі адамдарды тағы атып тастайды, басқаларға зияны тиеді ме дедім. Сосын аштық есікті. Ашқан кезде баспалдақтың алдынан ұстап алдық қашып бара жатқан жерінен. Біреуінің қолында тапанша болды. Біреуінің қолында пышақ болды.

Хабар 24 телеарнасы