429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 2023 жылы ауыз су мәселесі толық шешіледі

  • 193
  • UPD: 22:55, 03.12.2020
Павлодар облысында 2023 жылы ауыз су мәселесі толық шешіледі

Павлодар облысында ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту мәселесі 2023 жылға қарай толық шешімін таппақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол сәтте 200 мыңнан астам тұрғын таза су тапшылығын көрмейді. Бұған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қол жеткізіледі. Орталықтандырылған су жүйелерін тарту бағытындағы жобалардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, осы жылы 37 жоба қолға алынған. Келер жылы тағы 27 жоба жүзеге асады. Нәтижесінде бір жыл ішінде аймақтың төрт бірдей ауданы 100% тіршілік нәрімен қамтылады.

Алмас Көшкімбаев, Ақтоғай ауданы Өтес ауылының тұрғыны:

- Су келгелі жақсы болды. Көп балалы болғандықтан, келіншегімнің қолы ұзарып қалды. Өте ризамыз, ауыз сумен қамтамасыз еткендеріне.

Шолпан Байділдина, Ақтоғай ауданы қараоба ауылдық округінің әкімі:

- Қараоба ауылдық округінде бес елді мекен елді мекен бар. Бесеуі де таза ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар Өтес ауылына су құбыры тартылды. Ауылдағы 41 аулаға су кіргізілді. Жобаны жүзеге асыруға 184 млн теңге жұмсалды.

Хабар 24 телеарнасы