419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде шетел азаматы есірткімен ұсталды

  • 93
  • UPD: 11:54, 04.12.2020
Ақтөбеде шетел азаматы есірткімен ұсталды

Ақтөбеде шетел азаматы ірі көлемдегі есірткімен ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

25 қарашада Ақтөбе қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері «Қалалық прокуратура» бау-бақша ұжымының жанында «Mitsubishi Galant» маркалы автокөлікті тоқтатты. Онда 33 жастағы жолаушы, Өзбекстан Республикасының азаматы К.-дан полиция қызметкерлері жалпы салмағы екі келіден асатын «марихуана» есірткі заты бар пакетті тәркіледі.

Уақытша тұрғылықты жері бойынша санкцияланбаған тінту барысында Кирпичный кентінің ауданында жазғы ас үйдегі автомобиль шиналарының ішінен скотчпен желімделген бір пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде салмағы сегіз келіден асатын «марихуана» есірткі заты болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Ақтөбе облысы ПД қызметкерлері жыл басынан бері 300 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде 83 есірткі қылмысы, 500 келіден астам есірткі тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы