433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда коменданттық сағаттың уақыты ұзартылды

  • 146
  • UPD: 14:14, 04.12.2020
Көкшетауда коменданттық сағаттың уақыты ұзартылды

Ақмола облысында коменданттық сағаттың уақыты ұзартылды. Енді аса қажеттілік болмаса, тұрғындарға кешкі сағат 9-дан кейін үйден шықпауға кеңес беріліп отыр.

Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның қабылдаған жаңа қаулысынан белгілі болды. Бұған дейін мұндай шектеу түрі тек Көкшетау мен Степногорск тұрғындарына міндеттелген болатын. Енді қалалардағы барлық сауда-саттық нысандары кешкі сегіз жарымға дейін жұмыс істеуі қажет. Бұдан өзге өңір орталығына көлікпен кіру іссапар қағазы, анықтама және өзге де құжаттар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ келушілердің барлығы stopcorona.kz сайтына алдын ала тіркелуі тиіс. Бұған дейін өңірдің бас санитар дәрігері қорғаныс саласы қызметкерлері мен әскерге баратын жастарға да арналған талаптың барын айтқан болатын.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Қазір әскерге шақырту науқаны өтіп жатқаны белгілі. Сондықтан шақырту алғандар облыс орталығына ПТР-тесті болған жағдайда ғана кіргізіледі. Негізі тест тапсыру міндеттелген талап. Сондықтан оның ескерусіз қалдыруға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы