420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысы сот алдында жауап береді

  • 168
  • UPD: 13:59, 04.12.2020
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен басқарма басшысы сот алдында жауап береді 7kun.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

– Олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен 185 млн теңге сомасында аса ірі көлемде пара алуда күдікті болды, – делінген ведомствоның мәліметінде.

Ал 3 желтоқсанда қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы