420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы көп қабатты үйлер жылуға жарымай отыр

  • 133
  • UPD: 18:56, 04.12.2020

Жылуға жарымай отырмыз. Алматы облысы Ескелді ауданының тұрғындары осылай деп арнамызға шағымданды. Олар Панфилов көшесіндегі көп қабатты үйлердің іші салқындап кетті дейді.

- Вот так холодно.

Любовь Анисимова үйінің ғана емес, өмірдің де салқындығын сезініп отырған жан. Қызынан айырылған кейуана биыл қысқа қамданбақ болып көршілерімен бірге 20 мың теңгеден жинапты. Қаржыға жертөледегі жылыту жүйесін жөндеткен. Бірақ пәтері сол күйі жылымай тұр.

Любовь Анисимова, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:

- Менің ойымша, жұмыс сапасыз жасалған. Әрі жылу берілерде тексермеген. Жөндеудің нәтижесін көрмей тұрмыз. Егер ақша жетпесе айтпай ма? Жаурап отырғанша төлейтін едік.

Жөндеу жұмысын жүргізген мекеме өкілі тұрғындар жобада көрсетілген ақшаны толық жинап берген жоқ дейді. Сол себепті тозығы жеткен құбырдың барлығын емес, біразын ғана ауыстырыпты. 

Сергей Анофриев, «Қарабұлақ жылу» МКК басшысының орынбасары:

- 800 мыңға жоба жасалды. Егер қаржы толық жиналса, барлығын талапқа сай етіп, жасап беретін едік. Қазір тағы да құбыр сатып алынып, мәселе шешіліп жатыр.

Панфилов көшесіндегі №103 113, және 124 көпқабатты үйлер де суық. Әсіресе Павел Ким сияқты жоғарғы қабаттағы тұратындардың жағдайы қиын. Ол үш бөлмесін жылыту үшін екі бірдей электр құрылғысын қолданады. Соның өзінде оранып отыруға мәжбүр. 

Павел Ким, Қарабұлақ ауылының тұрғыны:

- Қыс түскен сайын шағымданамыз. Әкімдік өкілдері жылу қазандықтан жақсы шығады дейді. Шыққаннан не пайда бізге жетпесе. Айттық ешқандай нәтиже жоқ.

Гүлмира Суанбаева, қарабұлақ ауылының тұрғыны:

- Біз екінші этажда тұрамыз үй салқын. Балаларды қабат-қабат киіндіріп, өзіміз екі үш қабат кофта, жүн нәскиге дейін. Былтыр жеңіл иетінбіз шортый, осы жылы салқын. Балаға қиын.

Қарабұлақта 33 көп қабатты үй мен бірнеше әлеуметтік және мемлекеттік мекеме бар. Аталған нысандарды төрт қазандық жылумен қамтамасыз етіп тұр. Жылыту пештеріне түсетін жүктемені азайту мақсатында ауданда арнайы жоба қолға алынған.  

Жанас Ертұрғанов, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Жаңа модульді қазандық салып жатырмыз. Табиғи газбен жұмыс істейтін қуатты қазандық көпқабатты үйлердің барлығын жылумен қамтамассыз ететін болады. 

Жаңа қазандықты ақпан айының жиырмасында іске қосу жоспарланып отыр. Яғни қыстың соңында жылытуға қатысты бар мәселе өз шешімін табады дейді жауаптылар. 

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы