430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада сауда үйінен алтын ұрлаған күдікті ұсталды

  • 211
  • UPD: 17:44, 04.12.2020
Қызылордада сауда үйінен алтын ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылордада алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті әйел құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

3 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, қаладағы сауда үйлерінің бірінен үш дана алтын жиынтық ұрлағаны туралы арызданған. Келтірілген шығын 600 000 теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында бірнеше сағаттан кейін 1990 жылғы күдікті әйел ұсталды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Хабар 24 телеарнасы