424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда шошқа обасына қарсы сақтық шаралары күшейтілді

  • 257
  • UPD: 20:45, 04.12.2020
Петропавлда шошқа обасына қарсы сақтық шаралары күшейтілді

Солтүстік Қазақстанда Ресей елінде тараған африкалық доңыз обасына байланысты сақтық шаралары күшейтілді.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің шешімі бойынша көрші елден талпақ танау мен оның өнімдерін термикалық өңдеусіз тасымалдауға тыйым салынды. Жұқпалы аурудың алдын алу үшін шекара бекеттеріне санитарлық бекеттер қойылды. Қазір мамандар әр көлікті жіті тексеріп өткізеді. Айта кетейік, көрші елдің Омбы облысында африкалық обаның ошағы анықталды.    

Берік Әлжанов, Ветеринария басқармасының басшысы:

– Омбы облысындағы осы ауру пайда болған елді мекенде карантин 24 желтоқсанға дейін жарияланған. Бірақ бізде эпизодиялық жағдайға байланысты шектеу және өнімдерді кіргізуге тыйым салу шаралары қай уақытқа созылатыны әлі белгісіз. Қауіп, былайша айтқанда, өте жоғары. Сондықтан біз осындай шараларды қолданып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы