424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда он адам үсіктен ауруханаға түсті

  • 245
Павлодарда он адам үсіктен ауруханаға түсті

Павлодарда қыс басталмай жатып 10 адамды үсік шалған.

Алғашқы науқас ауруханаға қарашаның 17-інде түскен. Ол қаладағы Усолка өзеніне  балыққа барған жерінде мұз ойылып суға  құлап кеткен. Құтқарушылар балықшыны ес-түссіз күйде  жеткізген. Дер кезінде көрсетілген көмектің  арқасында аман қалды. «Мұндай мысалдарды көптен келтіруге болады», – дейді дәрігерлер.

Бұрын аяқ-қолын  үсітіп алатындардың көбі ішімдік ішіп, далада жатып қалғандар болатын. Алайда соңғы жылдары бұл көрсеткіш біршама төмендеді. Оның орнын үйсіз-күйсіз жүретін кезбелер басқан. Тағы бір айта кетерлік жайт: үсікке ұрынғандар медициналық көмекке жүгінуге асықпайды. Бұл аурудың асқынуына әкеп соғады. Қалалық аурухананың күйік бөліміне жыл сайын  қыс мезгілінде  ең кемі 100  науқас түседі екен.

Марат Қанжығалин, №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі:

– Біз бұл туралы жыл сайын ескертеміз. Қатты аяздарда балыққа баруды қоя тұру керек. Сонымен қатар спирттік ішімдіктен бас тартқан жөн. Жалпы тұрғындарға жылы киініп жүріңіздер деген өтініш айтқым келеді. Кеше ғана аяқ-қолын үсік шалған ер адам түсті. Туыстары оны іздеп таба алмай жүрген. Енді оған ұзақ уақыт емделуге тура келеді. Аязда далада қалған адамдарға бейжай қарамаңыздар.

Хабар 24 телеарнасы