430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да «Халық үні» жобасы жалғасып жатыр

  • 166
  • UPD: 15:01, 05.12.2020

Батыс Қазақстан облысында «Халық үні» жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпыұлттық әлеуметтік бастама өңірлердегі, әсіресе, ауылдық жерлердегі мәселелерді шешуге бағытталған. Жоба жетекшісі Айман Омарова Бөрлі, Шыңғырлау, Жаңақала аудандарында болып, бұқара базынасына құлақ түрді. Құқық қорғаушының айтуынша, жергілікті тұрғындардың күнделікті тұрмысына қатысты түйткілдер аз емес. Кейбір елді мекендерде ауыз су, енді бірінде отын мәселесі өзекті. Сонымен қатар жұмыспен қамту және кәсіп көздерін ашуға қатысты ұсыныс-тілектер де келіп түскен. Жоба жетекшісі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, күрмеулі мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Айман Омарова, «Халық үні» жобасының жетекшісі:

- Халық келген кезде мәселелерін жасырған жоқ. Ашық айтады, кейбір өңірлерге барған кезде ондай ашықтық болған жоқ көп. Ал мына жерде халық сондай болса керек. Халық ашық. Сол дұрыс қой енді.

Хабар 24 телеарнасы