414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында COVID-19 дертіне шалдыққан әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

  • 237
  • UPD: 19:02, 05.12.2020
Түркістан облысында COVID-19 дертіне шалдыққан әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

Түркістан облысында COVID-19 індетіне шалдыққан әйел дені сау баланы дүниеге әкелді. Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

Аяғы ауыр келіншек толғағы басталғанда Сайрам аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне төнген қауіпке байланысты кесарь тілігімен босандырып алған. Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында әйел дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық, перзентханада дәрігерлердің бақылауында. Мамандар нәрестенің де жағдайы жақсы екенін айтуда. Жалпы бұл Сайрам ауданында пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған алтыншы әйелдің босануы. Босанған әйелдер дертті жеңіп, диспансерлік есептен алынған.

Хабар 24 телеарнасы