419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО әкімдігі азық-түлік қымбатшылығына тосқауыл қоюды қолға алды

  • 100
  • UPD: 20:49, 05.12.2020

Батыс Қазақстан облысында азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Тұрғындар әлеуметтік маңызы бар тағам түрлерінің қымбаттағанына қапалы. Қазір облыс әкімдігі бағаны тұрақтандыру мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ең алдымен жергілікті тауар өндірушілермен ортақ келісімге келе бастады.

Облыста азық-түлік бағасы соңғы екі аптада едәуір өсіп кетті. Әсіресе күнделікті тұтынатын тағамдардың құны қалтаны қағады.

Үміт Мыңжасова, қала тұрғыны:

- Нанның қақы қазір 140-145 тг, шемішкі майы 3 мыңға жақын. Кейбір түрі 3 мыңның үстінде. Қазір 10 мыңға бір пакет тамақ келеді. Бір күннен кейін мысалы, келесі күні қайтып келеміз. Сондықтан адамға әрине қиын болады.

Сабырғали Зимов, қала тұрғыны:

- Маған қиын емес шығар, бірақ басқаларына қиын ғой. Табыс деген 60-70 мың. Ол не болады? Бәрі өседі ғой. Бәрі өсіп кеткен.

Өңірде соңғы 2 жылда нарықтағы бағаны тұрақтандыру бағытында бюджеттен 550 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 2700 тоннадан астам тауар алынды. Қорда қазір соның 40 проценті қалған. Оны әлеуметтік дүкендер желісінен сатып алуға болады. 

Артур Досқалиев, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда 4 тауар түрі бойынша сату жұмыстары жүргізілуде. Соңғы тұтынушыға келгенде қант өнімдерін олар 193 теңгеден, қарақұмықты 363 теңгеден, шемішкі май 380 теңгеден және тауық жұмыртқасын 30 теңгеден сатып ала алады.

Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Әзірге 2 кәсіпорынмен байланыс орнатылды. Олардың бизнес бастамаларын қолдау үшін мемлекеттен қарызға процентсіз  қаражат беріледі, ал компаниялар өңір нарығында баға тұрақтылығын сақтап қалуы тиіс. 

Артур Досқалиев, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Мысалы, бірінші сұрыпты нан 80 теңгеден сатылатын болады. Сүт өнімдері 220 теңгеден және кефир 270 теңгеден аспайтын бағамен сату туралы міндеттемелер алды олар. Сонымен қатар бірінші сұрыпты ұнның келісін 134 теңгеден сатуды ұйымдастырады. Ал рожки өнімдерін 215 теңгедей асырмай сату бойынша міндеттеме алған болатын. 

Ал келер жылы Оралда 20 әлеуметтік дүңгіршек ашу жоспарда. Бұл сауда нүктелерінде тұрақтандыру қорындағы өнімдер төмен бағамен сатылады.

Еркебұлан Смадияров, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы