419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» жаттығуы өтеді

  • 141
  • UPD: 21:46, 05.12.2020
Елімізде «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» жаттығуы өтеді

Елде 6 желтоқсаннан бастап кейбір шетелдік интернет-ресурстарға кіру кезінде түрлі проблемалар туындауы мүмкін.

Оны қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болады. Пандемияға және қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшуге байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеп барады. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда интернет-алаяқтық жағдайлары 2,7 есе артқан. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, 6 желтоқсаннан бастап «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізеді. Оған Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы және «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесі жұмылдырылады.

Хабар 24 телеарнасы