425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанға келген әуе жолаушылары ПТР сынама тапсырмаған

  • 283
  • UPD: 13:10, 06.12.2020
Қазақстанға келген әуе жолаушылары ПТР сынама тапсырмаған

Қазақстанға шетелден келген 348 жолаушы карантинге жіберілді.

Кеше ел аумағына Германия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия сынды 13 мемлекеттің жолаушылар ұшағы келіп қонды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 1700-ден аса жолаушының 1300-інде ғана індет жұқтырмағанын растайтын анықтама болған.

Алматы, Елорда және Ақтөбе әуежайларына қонған ұшақ жолаушыларынан дереу сынама алынды. Нәтижесінде олардың денсаулығынан кінәрат табылмады

Хабар 24 телеарнасы