433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ешкіөлмес ауылындағы мектептің әбден тозығы жетіп, терезелерінен жел гулеп тұр

  • 191
  • UPD: 20:01, 06.12.2020

«Жол жөнделіп, көшемізге жарық берілсе екен» - дейді Ешкіөлмес ауылының тұрғындары.

Алматы облысы Ескелді ауданының орталығымен жапсарлас жатқан елді мекендегі білім ордасының жағдайы да сын көтермейді. 

Кеңес Одағының батыры Олег Кошевой атындағы бұл мектеп өткен ғасырдың 60-жылдары салынған. Ескі үлгідегі білім ордасының әбден тозығы жетіп, терезелерінен жел гулеп тұр. Едені сынып, ағаштары шіріп жатыр. 

Маргарита Крюкова, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

- Мектеп ескі. Біздің немерелеріміз қазіргі талапқа сай мектепте оқыса екен. Жаңа құрылғыларды қолданып, олардың білімге деген ынтасын арттырса дейміз. Қазір олардың бірі де жоқ.

Ауданда 30-дан аса білім мекемесі бар. Осы күнге дейін оның он шақтысы күрделі жөндеуден өтіпті. Қалғандарын қалпына келтіру үшін 5 жылдық жоспар жасалған. 

Шолпан Жақанова, Ескелді аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 2025 жылға дейін бізде 5 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Себебі ол жерде бала саны 200-ден жоғары. Негізгі орта мектеп Олег Кошевой атындағы мектепте бала саны 94. Сол себептен олар кейінге шегеріліп отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары кезегімен кейінірек өткізіледі.

Тұрғындар ауылішілік жолдарды жөндеп, көшелерді жарықтандырып беруді де сұрап отыр.

Сламғазы Пұтан, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

- Мына көшеде жарық жоқ балаларға. Қазір енді онлаймен оқып жатыр. Әйтпесе Қарабұлақта оқиды. Кейде жай қайтады. Сол кезде алаңдайсың. Жарық қосылса жақсы ғой енді.

Евгений Кумарбаев, Ешкіөлмес ауылының тұрғыны:

- Ауылға кіретін негізгі жолымыз жыл сайын кеңейгеннің орнына тарылып барады. Енді жалғыз аяқ жол болғанда велосипедпен жүреміз. Жан-жағындағы бұталарды кесіп, шөптерді жұлу керек. 

Еліздер Серікбаев, Ескелді аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Ешкіөлместе биыл екі көшеге асфальт салынды. Шкалова, Шереметьова көшелерінде. Келесі жылға бюджеттік өтінімде тағы да көшелерді қосамыз. Негізгі көшелерді Қарабұлақтан басталады. Кир заводқа дейін барады. 7 шақырым 800 метр.Оны келесі жылы біз жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, арғы жылға құрылыс монтаж жұмыстарын жоспарлап отырмыз.

Әкімдік өкілінің айтуынша, биыл аудан жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге бөлініпті. Ал, келесі жылға 400 млн теңге қарастырылған екен.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы