Елорданы тағы түтін басты. Бірден 5 метеостанцияда ауаның ластануы байқалды. Көрсеткіштер шекті рұқсат етілген нормадан едәуір асты.
Бірнеше шағын аудандарда таңертеңгі сағат 10-да ауа ластануының қауіпті деңгейі тіркелді. Ал күйік иісін сол жағалаудың тұрғындары да сезді.
Қазгидромет сайтының мәліметінше, қала бойынша атмосфералық ауа қабатын 10 бақылау станциясы зерттейді. Сондай-ақ дауылды ескерту бірнеше облыста жарияланды.
Атап айтсақ, Қостанай, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қатты тұман болады деп күтілуде.