419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық медицина қызметкерлер 14 млрд теңге үстемеақы алды

  • 132
Алматылық медицина қызметкерлер 14 млрд теңге үстемеақы алды Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингте COVID-19-бен күреске жұмылдырылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы айтты.

Ковидпен науқастанған пациенттермен инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін мегаполистің медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттарына қарай ай сайынғы үстемеақыларын алады. Биылғы 9 айда жалпы сомасы 14 млрд тг астам төлем жүргізілді. Осы кезеңде ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкері үстемеақы алды.

КВИ-мен күрес барысында жұмыс орнында бұл дертті жұтырып, науқастанып қалған 1491 медицина қызметкері белгіленген төлемді алды. Бұған қосымша 50 медицина қызметкері жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер алды. Бүгінгі таңда кадрлық резервте 2450 медицина қызметкері бар.

Хабар 24 телеарнасы