419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қылмыс деңгейі 50%-ке төмендеді

  • 132
  • UPD: 14:49, 07.12.2020
Алматыда қылмыс деңгейі 50%-ке төмендеді Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

Бүгінде Алматыдағы қылмыс деңгейі төмендеген. Атап айтқанда, қылмыстар саны 47,5%-ке азайған, ал қылмыстарды ашу 11,6%-ке (29,2%-тен 40,8%-ке дейін) өскен.

Әкімнің айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізуге келесі кешенді шаралар ықпал еткен: «Полицияның материалды-техникалық жабдықталуы 87%-ке жеткізілді, бұл – мемлекет бойынша ең жоғары көрсеткіш. Жақын арада полицияға 429 планшет табысталады, келесі жылы 33 жаңа көлік алу жоспарланған.

Бейнемониторинг жүйесі енгізілуде. Жыл басынан бері 404 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, оның 21-і Алматыға кіру және шығу жолдарында орнатылған».

Модульдік полиция пунктілерін орнату арқылы аудандардағы қылмыс деңгейінің төмендеуі де байқалған. Өткен жылы қылмыс деңгейі жоғары аймақтарда 37 модульдік полиция пункті орналастырылып, жыл басынан бері шамамен 40 мың арыз келіп түсті.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері жұмылдырылады. Олар 550 бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 300 көлік және 250 жаяу бағыт.

Хабар 24 телеарнасы