425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда індетпен күреске 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

  • 249
  • UPD: 15:37, 07.12.2020
Алматыда індетпен күреске 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Алматыда коронавирус індетімен күреске 30 миллиардтан астам қаржы бөлінді.

Бюджетті қайта қарау кезінде жауаптылар конференциялар, дөңгелек үстелдер, салтанатты мәдени-бұқаралық кештерден бас тартты. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Мегаполисте пандемияның жаңа толқынына 7000 төсектен асатын 23 стационар дайындалды. Оның ішінде 250-і реанимациялық. Клиникалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін биыл 4 мыңнан астам жабдық сатып алынды. Оның ішінде 236 өкпені жасанды желдету аппараттары бар.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

- 35 жаңа жедел жәрдем көлігі сатып алынды. 16 желтоқсанға дейін қосымша 50 жаңа машина келеді. 2021 жылдың басында тағы 50. Өткен жылы біз медициналық қызметтермен  қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша 3 жылдық қалалық жоспарды қабылдадық. Барлығы 35 амбулатория саламыз. Қазірдің өзінде 16 амбулатория іске қосылды, келесі жылы тағы 11 амбулатория пайдалануға беріледі. Пандемияға қарамастан кесте бойынша жүреміз.

Хабар 24 телеарнасы