419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтай Көлгінов 10 желтоқсанда елорда тұрғындарымен онлайн кездеседі

  • 159
Алтай Көлгінов 10 желтоқсанда елорда тұрғындарымен онлайн кездеседі

2020 жылғы 10 желтоқсанда «Электронды үкімет» e.gov.kz порталында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Онлайн-форум қатысушыларының кездесу шеңберінде қаладағы шеткері аймақтарды дамыту, үлескерлік құрылыс нысандарының мәселелері, тұрғын үй саласы мәселелерін шешу, сондай-ақ аула ішілік және жалпы қалалық аумақтарды абаттандыру мәселесі бойынша тақырыптарды талқылайды.

Конференцияға қатысқысы келгендер e.gov.kz сайты арқылы («Ашық диалог» – Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіре алады).

Басталу уақыты: сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін.

 

Хабар 24 телеарнасы