423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Egov порталы қайта іске қосылды

  • 213
Egov порталы қайта іске қосылды

Электрондық үкімет порталы қайта іске қосылды.

Техникалық ақаулар жойылды. Қазір Egov сайты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады. Мекеменің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Анар Мағзұмованың айтуынша, жүйедегі ақауларға елордадағы кибержаттығулардың қатысы жоқ. Еgov порталы күні бойы жұмыс істемей тұрған еді. Салдарынан құжаттарын ала алмаған қазақтандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығына ағылды.

Анар Мағзұмова,  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы:

– Бүгін 7 желтоқсанда деректерді сақтау жүйесінің ақаулықтарына байланысты электрондық үкімет порталы қолжетімсіз болды. Сағат 17:04-те барлық жүйелер қалпына келтірілді. Қазіргі таңда Egov порталы қолжетімді.

Хабар 24 телеарнасы