429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Минскіден келген жолаушыдан коронавирус анықталды

  • 161
  • UPD: 11:01, 08.12.2020
Минскіден келген жолаушыдан коронавирус анықталды

8 желтоқсанда Қазақстан аумағына Венгрия, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді.

964 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 884 адам, анықтамасыз 80 адам – ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен – 320, анықтамасыз – 20;

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен – 426, анықтамасыз – 54;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 132, анықтамасыз – 6;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді.

ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Хабар 24 телеарнасы