429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

  • 308
  • UPD: 12:11, 08.12.2020
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Майлыбаев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ-сы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамадаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданындағы филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі – бас бухгалтері болып бастаған.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалында заңгер-кеңесші, консультант болып жұмыс істеген.

2014-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2015 жыл мен 2019 жыл аралығында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жыл мен 2020 жыл аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.

Бүгінгі тағайындауға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Ақпарат көзі: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы