430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да ауыз суы аптасына үш рет ғана қолжетімді болатын ауыл бар

  • 176
  • UPD: 17:46, 08.12.2020
СҚО-да ауыз суы аптасына үш рет ғана қолжетімді болатын ауыл бар

Солтүстік Қазақстан облысында ауыз суды аптасына үш рет ғана алатын ауыл бар. Мамлют ауданына қарасты Становое елді мекенінде бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған.

Бұл әбден ескірген су құбырларының кесірі деп түсіндірді облыс басшысы. Құмар Ақсақалов бүгін елордада есеп беру брифингін өткізген еді. Оның барысында магистральді су құбырларының істен шыққандығы туралы айтты. Аймақ бойынша дәл осындай 3 мыңға жуық құбыр бар екен. Ал оларды ауыстыру кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр.

«Мәселен, биыл өңірдегі 76 ауылға сапалы ауыз су жеткізілді», - деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Становое ауылында 66 үй бар. Біз елді мекен ішіне су құбырларын жүргіздік. Бірақ оны магистальді құбырға қосу мүмкінгі болмады. Сондықтан ауыз суды бұрынғы құбырлармен жіберуге мәжбүрміз. Алдағы жылы бұл мәселе түбегейлі шешілуі керек. Сондай үміт бар. Бұл бір мысал ғана. Становое сияқты магистральді су құбырларына тікелей тәуелде ауылдар өңірде өте көп.

Хабар 24 телеарнасы