426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы шалғай ауылға интернет желісі тартылды

  • 285
  • UPD: 22:12, 08.12.2020

Биыл індет кезінде ауыл-аймақтарда интернеттің әлсіздігі айқын байқалды. Электронды үлгіге көшірілген оқу бағдарламасы, мемлекеттік қызмет түрлері бәріне бірдей қолжетімді болған жоқ. Қостанай облысында цифрлық технология жағынан кенжелеп қалған елді мекендердің бірі Бауман ауылы. Жақында шалғайдағы ауылға да кең жолақты интернет жетті.

Облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы Бауман ауылында 170-тен астам үй түтін түтетіп отыр. Орта мектебі бар. Ондағы интернет әлсіздігінің әсерін ең алдымен  ұстаздар мен оқушылар  сезінген болатын.  

Лиля Руденко, Бауман орта мектебінің директоры:

- Білім порталында тіркеліп, құжат жүктеуге екі-үш күн ғана беріледі. Соған үлгіреміз деп, күні бойы отырамыз. Бір ғана жеке куәлік пен өтінішті жүктеуге 5-6 сағат жоғалтамыз. Сөйтіп оқу бағдарламасын үзіп алып жүрдік.

Жол қатынасы нашар шалғайдағы ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет түрлеріне  қол жеткізуі де қиындаған. Басты  себеп сол интернеттің нашарлығы. 

Елена Андрейчук, Бауман ауылының  әкімі:

- Біз электронды поштамен жұмыс істейміз. Интернет жылдамдығының төмендігінен хаттарды қабылдау қиындығы туындап жатты. Тиісінше біздің жауап та кешігіп жетеді.

Бауман ауылына жақында талшықты-оптикалық желі тартылды. Енді мемлекеттік мекемелер ғана емес, жеке үйлерде кең жолақты интернетке қосылады.

Олжас Татаев, техникалық байланыс орталығы директорының орынбасары:

- Енді осы айдың аяғына дейін шамамен тағы 30 абонент қосамыз Бауман ауылында.Бауман ауылымен қатар осы Ұзынкөл ауданы бойынша бізде талшықты-оптикалық байланыс желісімен 2019-2020 жылдары 6 ауыл қамтылды.

Айта кетелік, облысы бойынша соңғы екі жылда 39 елді мекенге талшықты-оптикалық  байланыс желісі тартылды. Ал биыл 62 ауыл мобильді интернетпен қамтылады.

Авторлар: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы