424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қашықтан оқу мүмкіндігі жоқ студенттерге ЖОО жатақханаларында тұру ұсынылды

  • 230
  • UPD: 22:11, 08.12.2020
Қашықтан оқу мүмкіндігі жоқ студенттерге ЖОО жатақханаларында тұру ұсынылды

Интернет немесе компьютер жоқтығы сессиядан қалуға сылтау емес. Себебі өз үйінде отырып, қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ студенттерге университет жанынан ашылған жатақханаларға жату ұсынылды.

Көктемдегі сессия кезінде мұндай мүмкіндікті 15 мыңнан астам білім алушы қолданған. Қазір 7 мыңдайы жатақханада жатып білім алып жатыр. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.

Айтуынша, елдегі барлық жоғарғы оқу орындары қажетті техникамен жабдықталды. Бұған дейін барлық студенттер аралық бақылауды еш қиындықсыз тапсырып келді. Сондықтан сессия тапсыруда да қиындық туындамайтынына сенімді. Студенттер сессияны прокторинг жүйесімен тапсырады.

Бану Нарбекова, ҚР БҒМ департамент директорының орынбасары:

- Мысалы, студент кірген кезде бұл жүйеге екінші жағынан проктор болады. Осы студенттің тұлғасын сәйкестендіру сол студент отыр ма деген сияқты да. Екінші назар аудару, анықтау. Қай жаққа қарап отыр? Ол жаңағы оқытушыға қарап жауап беруі керек. Білім алушының бейнесін ауыстыруы, басқа жаққа кетіп қалуы, қимылдауы деген сияқты. Бөлменің ол 360 градустағы режимінде қарау мүмкіндігі. Бұл проктор жүйемен осы жазғы сессияда біздің студенттер таныс болды. Біз енді осы қысқы сессияда мен ойлаймын олар тек өздерінің білімдеріне сәйкес сондай дайындықпен келеді.

Хабар 24 телеарнасы