425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тікелей қосылым: Павлодар облысындағы эпидемиологиялық жағдай

  • 228
  • UPD: 11:52, 09.12.2020

Павлодар облысы коронавирус инфекциясының таралуы жағынан елімізде көш бастап тұр.

Жуырда мектептердегі кезекші сыныптар қашықтан оқу үрдісіне көшті. Ақсудағы қарттар үйінде жаппай індет жұқтыру дерегі тіркелді. Бүгін облыс жұртшылығының карантин режимінде өмір сүріп жатқанына бір ай болды. Сақтық шаралары жан-жақты қолға алынғанымен, аурудың беті қайтар емес. Қазір осы өңірден тілшіміз Қарлығаш Қасиетовадан тікелей байланысқа шықты.

– Қарлығаш, карантин енгізілген  бір ай ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мүмкін болмады.  Бұған не себеп, мамандар не дейді?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Павлодар облысында тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші өте жоғары болып тұр. Тәулігіне 100  сырқаттан  тіркеліп жатыр. Жуырда Ақсу қаласындағы қаттар үйінде жаппай індетке шалдығу дерегі тіркелді. Ауру жұқтырған 65 адамның 33-і ауруханаға жатқызылып, 27-сі дәрігерлердің бақылауына алынды. Бір адамның жағдайы ауыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық мектепте кезекші сыныптар карантинге байланысты қашықтан оқу үрдісіне көшті. Ірі сауда үйлері, базарлар мен мәдениет ошақтарының жұмысына шектеу қойылған. Сенбі, жексенбі күндері қалада қоғамдық көліктер жүрмейді. Карантин талаптарының сақталуын арнайы мониторингтік топтар қадағалайды.

– Қарлығаш, карантин енгізілген  бір ай ішінде эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мүмкін болмады. Бұған не себеп деп ойлайсың?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Бұл – бәрімізді алаңдатып отырған сауал. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары мұны суық климатпен байланыстырады. Шекараның дер кезінде жабылмауы да кері әсерін тигізген.

Ерғалы Асылбек, Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық дамыту және инновациялық даму бөлімі басшысының м. а.:

– Қызыл аймаққа кірген облыстарды бақылайтын болсақ, ол жаңағы солтүстік аймақтағы облыстар одан басқа осы қызыл аймақтағы осы суық климат болғандықтан, Ресеймен шекаралас болғандықтан, осы себеппен байланыстырады. Негізгі себебі енді Қазақстан Республикасының Бас санитариялық дәрігерінің шекараны кесіп өтуді бақылау тек 6 қазаннан бастап қана жүргізіле бастады. Осы уақытқа дейін қанша адам расталған, жұқтырған коронавирус инфекциямен кіргені белгісіз. Ол коронавирустық инфекция  ұзақ процесті қамтиды. Яғни жұқтырған адам басқа адамдармен байланыста болады. Ол бірден емес екі-үш аптадан кейін сипмтомдары анықтала бастайды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Дәрігерлер жағдайдың бақылаудан шығып кеткенін жоққа шығармайды. Бұл жағдай сақтық шараларын  күшейтуге міндеттейді. Біз, міне, облыс аумағындағы ең ірі тосқауыл бекетінде тұрмыз. Мұнда қалаға кіріп-шығатын барлық көлік  мұқият тексеруден өтеді. Менің жанымда қазір облыстық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров тұр. Жасқайрат Иманбекұлы осы облыс аумағындағы блокбекеттен бір айда 1 миллионнан астам жолаушысы бар 600 мыңдай көлік өткен екен. Қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелді ме? Жалпы жұмыс қалай жүріп жатыр?

Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 7 мыңнан асып кетті. Бұл індеттің өзі расталған және расталмаған деп екіге бөлінеді. Сол тұрғыдан алып қарасақ, көп адамдар расталған түріне шалдыққан. Олардың бәріне сапалы медициналық көмектер көрсетіліп жатыр. Дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Күрделі кезеңде жиын-той, мерекелік шараларға тыйым салынған. Жағдай тұрақталып, қызыл аймақтан шығамыз деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы