419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылмақ

  • 179
  • UPD: 14:23, 09.12.2020
Елордада тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылмақ Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар елорда әкімі Алтай Көлгінов «Шаңырақ» (5-10-20) тұрғын үй сертификатын алушылар санатын кеңейту туралы бастама көтерді: егер бұған дейін бұл тізімде халықтың әлеуметтік осал тобынан тек үш санат болса, қазір барлық тоғыз санат енгізілді.

«Тұрғын үй мәселесі – маңызды бағыттардың бірі. Тұрғын үй сертификаттарымен қатар Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп жүзеге асырып жатқан бағдарламаға да өзгеріс енгізілді. Мұнда біз әлеуметтік пәтер алушылар санатын кеңейттік. Мың пәтерге медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, өрт сөндірушілер, әлеуметтік, мәдениет және спорт, Полиция департаменті қызметкерлері жүгіне алады. Аталған бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтер құнының 1% құрайды және кейінірек тұрғын үйді жекешелендіруге болады», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Бұл шамамен 8 мың пәтер, олардың бір бөлігі кезекте тұрғандарға, қалғаны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кезегінде тұрғандарға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы