424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл-аймақта спорт маманы тапшы

  • 263
  • UPD: 17:42, 09.12.2020

Елімізде мыңнан астам спорт нұсқаушысы жетіспейді.

Әсіресе ауылдарда маман тапшы. Бүгін Мәжіліс «Кейбір заңнамаларға дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Бұл заң жобасы балалар мен жасөспірімдерді спортқа мейлінше тартуды көздейді. Оларға арналған спорт клубтары көбейеді. 2025 жылға дейін 300-ден астам клуб ашу жоспарда. Ал дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлері енгізілуі мүмкін. Заңда көрсетілгендей алдағы уақытта жергілікті атқарушы биліктің құзыреттілігі кеңейтіліп, бұқаралық спортпен қамтуды 45 проценте жеткізу жоспарда. Одан бөлек спорттық нысандардың қолжетімдігін арттырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалмақ. Айта кетейік, биыл дене шынықтыру және спорт саласына түрлі қаржы көздерінен 10 млрд теңге бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы