427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы мереке күндері қосымша шектеу шаралары енгізіле ме

  • 258
  • UPD: 16:07, 09.12.2020
Алдағы мереке күндері қосымша шектеу шаралары енгізіле ме

Елімізде алдағы мереке күндерінде қосымша карантиндік шектеулер енгізілмейді.

Дегенмен өңірлерде осыған дейін қабылданған шектеу шаралары өз күшінде қалады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

«Қазіргі уақытта қандай да бір қосымша шектеу шаралары қабылданған жоқ. Барлығы ағымдағы алгоритм бойынша жүргізіледі. Шектеу шаралары қандай аймақта тұрғандығына байланысты қабылданған. «Қызыл», «жасыл», «сары» аймақ болып бөлінетіні белгілі. Соған сәйкес шектеулер әлдеқашан қабылданған», - деп айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы