417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде күзден бері 16 адам суға кеткен

  • 121
  • UPD: 17:13, 09.12.2020
Елімізде күзден бері 16 адам суға кеткен ҚР ТЖМ

Күз және қыс маусымы басталғаннан бері елдің су айдындарында 16 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты.

ТЖМ аумақтық бөлімшелері су айдындарда адамдардың (балықшылардың) қаза болуының алдын алу бойынша рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Рейд барысында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылады. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Жалпы республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері Полиция департаменттерімен бірлесіп, балық аулау орындарында, мұз өткелдері мен өтпе жолдарда патрульдеу, аралау жұмыстары және рейдтер тұрақты түрде жүргізуде. Күзгі-қыс кезеңнің басынан бері 4 512 патрульдеу және рейд өткізілді, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша 15 769 нұсқаулық жүргізілді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын қауіпті су айдындарда, әсіресе өткелдерде, мұз өтпе жолдарында, мұз астынан балық аулау орындарында мұздың қалыңдығын бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ол жерлерде 1 095 ескерту белгісі орнатылған.

Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан-7 желтоқсан) елдің су айдындарында 16 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты.

Балық аулау кезінде ережелердің бұзылуынан 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған 5 бала абайсызда суға құлап, суға батып кетті.

Қаза болғандар Ақмола (5 адам), Алматы (3 адам, оның ішінде 2-еуі бала), Жамбыл (2 бала), Қостанай (2 адам), Қызылорда (2 адам), Маңғыстау (1 бала), Түркістан (1 бала) облыстарының су айдындарында тіркелді.

 

Хабар 24 телеарнасы