424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында мұз ойылып, екі балықшы суға кетті

  • 203
  • UPD: 20:47, 09.12.2020
Қостанай облысында мұз ойылып, екі балықшы суға кетті

Қостанай облысындағы Аққабақ көлінде мұз жарылып, зейнет жасындағы екі балықшы суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос қария мұздың жұқалығын ескермей жағалаудан 150 метр жерге дейін ұзап шыққан. Былтыр дәл осы уақытта Жітіқара ауданында мұз ойылып, екі бала мерт болған еді. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті өзен-көлдерге бақылауды күшейткен.

Ризабек Қабылбеков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Профилактикалық жұмыстарға көп адамдар құлақ асқылары келмейді. Біз ескерту жасай аламыз, одан басқа шаралар қолданбаймыз, біздің ондай құқығымыз жоқ. Айтамыз, жұқа мұз айдынында 5-7 см мұз айдынында шығуға тыйым салынады және де автокөлікпен мұз айдынына шығуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы