419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

  • 253
  • UPD: 21:11, 09.12.2020

Желтоқсан – халқымыз үшін қастерлі ай. Сондықтан бұл ай тек той-думанға себеп болмауы керек.

Керісінше, осы кезде өткеннен өнеге алып, Тәуелсіздіктің қадірін зерделеуіміз қажет. Мұны «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында өткен «ZEREN» республикалық жастарға білім беру жобасының жабылуы кезінде Сенат төрағасы айтты. Онлайн форматта өрбіген жиында Мәулен Әшімбаев жастардың ең басты миссиясы  елге қызмет ету, мемлекетті жаңа белестерге жеткізу екендігін айтты. Қоршаған орта мен материалдық ресурстарға ұқыпты қарау керектігі де сөз болды. Жиын барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жастарды қолдау бойынша іске асырылып жатқан шараларды атап өтті. Осы «ZEREN» жобасына 2,5 мыңға жуық жас қатысқан. Олар түрлі сала бойынша оқыту платформаларына қатысып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Жиында Мәулен Әшімбаев жастарға әркез қолдау боларын жеткізді.

Осы жиынның соңында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды. Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметте талантымен танылып, жоғары спорттық жетістіктерге жеткендер мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Үздіктердің қатарында арнамыздың тілшісі Рауан Мыңбаев бар. Ол «Журналистика» аталымы бойынша «Дарын» сыйлығыг иеленді. Жалпы биыл 160-тан астам үміткерден құжат қабылданған. Соның ішінде үздіктері бүгін көптен дара шықты.

Хабар 24 телеарнасы