427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1 қаңтардан бастап көлік жүргізушілеріне тек жеке куәлікпен жүруге болады

  • 947
  • UPD: 22:27, 09.12.2020
1 қаңтардан бастап көлік жүргізушілеріне тек жеке куәлікпен жүруге болады

Күн сайын елде 10 мыңға жуық автомобиль тіркеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қызметті азаматтарға барынша қолайлы ету үшін 9 облыстың орталығында және республикалық маңызы бар 3 қалада мемлекеттік нөмірлер дайындайтын құралдар орнатылды. Осылайша, мемлекеттік нөмірлерді дайындау және жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарады. Осылайша, көлік нөмірлерін дайындау мерзімі 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап көлік жүргізушілері тек жеке куәлігін алып жүрсе болады. Барлық ақпарат арнайы базаға енгізілген. Кез келген жерде жол-көлік полициясы өкілдері жүргізушілер туралы ақпаратты арнайы планшет арқылы тексереді. Бұған қоса, халыққа қызмет көрсету орталықтарында енді ішкі істер органы өкілдерінің отыруы қажет емес. Олардың жұмысы автоматты жүйеге көшірілген.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Келесі жылдан бастап жол жүру куәлігін ішкі істер органдарының қызметкерлері талап етпейді. Себебі жеке куәліктің өзі жеткілікті. Барлығы ортақ базаға енгізілген. Қандай да көлік ұрланған ба жоқ па осының барлығы ішкі істер органдарының планшетінде шығып тұрады.

Хабар 24 телеарнасы