424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Державинск мәртебесін өзгертуі мүмкін қалалардың тізіміне кірді

  • 414
  • UPD: 11:09, 10.12.2020

Жақында Сенат осы заңға қатысты енгізілген түзетулерді мақұлдаған болатын.

Шаһар мәртебесіне сәйкес келмейтіндердің қатарында 13 қала бар. Соның бірі осы Державинск. Ондағы халық саны 10 мыңға жетпейді. Егер қала атанбаса, жергілікті жұртшылық ауыл тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қолдауға ие болады. Оның қатарында ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған бағдарламалар бар. Бірақ бұл хабарды әркім әрқалай қабылдады. Бірі қолдаса, тағы бірі бұған үзілді-кесілді қарсы. 

Ұлбосын Ахметова, аудандық мәслихат депутаты:

- Үлкен бағдарлама бар. Моноқала деген. Біз соның арқасында жағдайымызды түзеп біраз жағдайымызды түзеп алдық. Ал соңғы бір-екі жылда қаланың өзінің жеке бюджеті бар Көп болмаса да,  әжептеуір. Біз шалғай жатқан ауданбыз. Шалғай жатқан ауылдар да бар. Әрине бағдарламалар да бар. Алтын бесік дейді. Тағысын тағы. Бірақ шалғай жатқан аудандарға тұрғындарымыз айтады келу, келмеуі неғайбыл дейді. Қалаға сай. Оған біз ештеңе деп айта алмаймыз. Саны келмейді. Бірақ өсіп жатыр.Бір күнде ондай шешім болмайтын шығар. Тағы қарастыратын шығар. Біз хаттар жаздық тұрғындар атынан, депутаттар атынан.  

Амантай Ахметов, жарқайың аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Қазір бұл жерден  үдере көшіп жатқандар жоқ. Қайта көшіп келіп жатыр. Ақырындап халық саны  өсіп келеді. Орта және шағын бизнес даму үстінде. Дегенмен, ауылды көтеруге арналған көптеген бағдарламалар бар ғой. Соның бізге де көмегі тиер еді. Әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысатындар шаруашылықтар өз жұмыскерлеріне үй салып берсе, мемлекет оларға субсидия  береді.  Бұл тұрғындарға айтарлықтай көмек болар еді.

Хабар 24 телеарнасы