419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Педофилдердің қылмыстық жазасы күшейтілді – М.Әшімбаев

  • 161
  • UPD: 15:41, 10.12.2020
Педофилдердің қылмыстық жазасы күшейтілді – М.Әшімбаев

Педофилдерге жаза күшейтіледі. Осы орайда Сенат қолданыстағы заңнамаларға енгізілген түзетулер мен толықтыруларды екінші оқылымда жан-жақты талқылады. Сенаторлар бірқатар ұсыныс пен ескерту айтып, заң жобасын Мәжіліске қайтарып жіберді. Бұл құжат Президент тапсырмасынан кейін әзірленген еді. Қоғамда жиілеп кеткен кейбір келеңсіздіктерді жою мақсатында жасалды.

Атап айтсақ, мемлекеттік басқару саласындағы заңнамаларды жетілдіру қажет болды. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар үшін жаза қатаңдатылады. Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселері қамтылған. Заң күшіне енсе, осы салада жұмыс істеп жүргендерден қос азаматтық анықталса еңбек шарты бұзылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде балаларды қорғау саласында нақты және жүйелі саясат жүргізіліп келеді. Осы шара аясында педофилдерді қылмыстық жазалау кешенді түрде күшейтілді. Қылмыстың ауырлығына байланысты оларды бас бостандығынан айыру мерзімі ұлғайтылады. Мерзімнен бұрын босату, жазаны қысқарту немесе оны жеңіл түрімен ауыстыру шаралары шектеледі. Мұндай қылмыскерлер жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтейді. Енді олар қоныс колонияларына жіберілмейді.

Хабар 24 телеарнасы